Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай  ойнайды
Сурет: Azertag.az

Мамандар алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады.

«Қазгидромет» мамандары 28, 29 және 30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Cиноптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын солтүстік-батыс циклон әсерінен найзағай мен жаңбыр болады.

«29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай-ақ бұршақ, желдің күшеюі және ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Тек еліміздің батыс облыстарында скандинавиялық антициклон жотасы әсерінен жаңбыр тоқтайды», - делінген хабарламада.