Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады
Сурет: Theworldnews.net

Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады.

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша, 19-21 мамыр аралығында елімізде жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысында Солтүстік-батыс циклоны, оңтүстік өңірлерге Оңтүстік циклоны ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады: 19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамыр батыста, солтүстік-батыста толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.