Алдағы күндері Қазақстанда бұршақ жауып, күн суытады

Алдағы күндері Қазақстанда бұршақ жауып, күн суытады
Сурет: Umnazia.ru

Ауа райы құбылмалы болады.

Синоптик мамандар  19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс пен солтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

«Солтүстік-батыс антициклоны өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды. Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы түнде 3 градусқа дейін төмендейді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады.