Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады

Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады
Сурет: Learnrussianineu.com

Жаңбырдың соңы қарға ұласады. 

«Қазгидромет» мамандары 27-29 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонның соңынан Жаңа жер ауданынан суық антициклон келеді. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ, тұман және ауа температурасының минусқа дейін төмендеуі күтіледі. Желдің күшеюі болжанады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде термометрлердің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайды, республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы15-23 градусқа дейін жылынады.