Алдағы күндері Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады
Сурет: Almaty.tv

Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

 «Қазгидромет» мамандары  25-27 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ жауады деп болжанып отыр. 

Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерінде болады. Бұл өңірлерде жауын-шашын болмайды. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Батыста +25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45°С.