Алдағы күндері ауа райы жаңбырлы болады

Алдағы күндері ауа райы жаңбырлы болады
Сурет: Uvlecheniyaa.blogspot.com

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» мамандары 30 сәуір мен 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Алдағы демалыс күндері ел аумағының басым бөлігі биік циклон жырасының ықпалында болады, ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсер болып, дауыл тұрып, бұршақ жауады. 

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында 2 градус аяз болады.

Елдің батысында ғана Батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді. Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күн ысиды. Елдің батысында, солтүстік-батысында 25-30-ға дейін, оңтүстігінде 33, солтүстігінде 23-28-ге дейін, орталығында 25-30-ға дейін ыстық болады.