Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады
Сурет: Smotrim.ru

Кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» мамандары 26-28 мамыр күндеріне ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Екатеринбург аймағынан шыққан циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады.

26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, сонымен қатар бұл аймақта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен батыста жауын-шашынның толастайды. Қалған өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін суық болуы мүмкін.