Алдағы күндері ауа райы суық болады

Алдағы күндері ауа райы суық болады
Сурет: Rzn.aif.ru

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.

«Қазгидромет» мамандары 1-3 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суатыды.

«Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның шығуы өз әсерін сақтайды, сонымен байланысты жауын-шашын әкеледі, негізінен қар түрінде, 01 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 02 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қатты қар күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ; шығыс және орталықта – боран.

«Ауа температурасы түнде еліміздің батысында 2-16 аяздан 5-18 аязға дейін, солтүстік-батыста 7-27 аяздан 14-30 аязғай дейін, солтүстік өңірлерде 15-28 аяздан 22-32 аязға дейін, орталықта 5-20 аяздан 13-30 аязға дейін, республиканың шығысында 15-35 аяздан 22-37 аязға дейін, оңтүстікте 3-12 аяздан 8-17 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 1-20 аяздан 8-28 аязға дейін төмендеуі күтіледі», - деп болжады мамандар.