Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Сурет: Kuban.kp.ru

Ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады.

«Қазгидромет» синоптиктері 3-5 желтоқсан күндері ауа айы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады. Тек елдің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын болып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығысында тұман болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта 13-22-ден 20-30 аязға дейін төмендейді, еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 аяз болады.