Алдағы күндері ауа райы ыстық болады

Алдағы күндері ауа райы ыстық болады
Сурет:Pravda.com

Оңтүстік өңірлерде 40-45 градус қатты ыстық болады. 

«Қазгидромет» мамандары 19-21 шілдесіне арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, содан кейін 20 шілдеден бастап солтүстік-батыс циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Батыста және оңтүстік-батыста, 20 шілдеден бастап орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 40-45 градус қатты ыстық күтіледі»,- делінген синоптиктердің болжамында.