Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады
Сурет: Abaynews.kz

Республика көктайғақ, тұман болады.

«Қазгидромет» мамандары 15-17 қараша күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Республиканың ауа-райына әлі де Атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді, жауын-шашын, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты екпінді жел 15-28 м/с сақталады, 15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі. Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп күтілуде», - делінген синоптитердің болжамында.

Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 аязға дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі.