Алдағы демалыс күндері ауа райы жаңбырлы болады

Алдағы демалыс күндері ауа райы жаңбырлы болады
Сурет: Badfon.ru

Синоптиктердің болжамы.

«Қазгидромет» мамандары 21-23 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мамандардың болжамы бойынша, республиканың бүкіл аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Солайша күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. 

«Солтүстік-батыста, сондай-ақ оңтүстік өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Батыста, солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Батыста күндізгі температураның 8-18-ден 15-28 градусқа дейін аздап көтерілуі, ал қалған аумақтарда температураның төмендеуі, күндіз солтүстікте, орталықта 25-30-дан 15-20-ға дейін, елдің оңтүстігінде және шығысында 28-33-тен 17-25 градусқа дейін болады деп күтілуде»,- делінген «Қазгидромет» хабарламасында.