Алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ukranews.com

Жаңбыр, қар жауады.

«Қазгидромет» мамандары наурыздың 26-28 күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Скандинавия аудандарынан келетін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады, ал Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандары оңтүстік циклонның ықпалында қалады. Ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын алып келеді.

«Елдің солтүстігі мен батысында оған қоса боран соғады. Оңтүстікте негізінен жаңбыр болжанады. Таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте түнгі температура -10...20-дан -5...15 аязға дейін, күндіз 0...-8 аяздан -5 аяз...+3 жылуға дейін болады. Оңтүстікте түнде -6 аяз...+5 жылу аралығында, күндіз -12...17-ден -5...10 жылуға дейін төмендейді.Елдің батысында түнде -5 аяз...+5 жылу, күндіз термометр бағандары 0...+10 градус жылуды көрсетеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.