Алаяқтық фактілерінің саны бір жылда 29%-ға өсті

Алаяқтық фактілерінің саны бір жылда 29%-ға өсті
Сурет: Platon.asia

Бұл құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген.

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде «Алаяқтық» бабы бойынша 34,8 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,7%-ға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың осы кезеңінде елімізде 27 мың осындай құқықбұзушылық тіркелген.

Бұл құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 7,2 мың оқиға – бір жыл бұрынғыдан 27,9%-ға көп. Алаяғы көп қаланың қатарында Нұр-Сұлтан (5,2 мың іс, плюс 49,6%) мен Шымкент (3,2 мың іс, + 11,5%) те бар.

«Алаяқтық» бабы бойынша ең аз құқық бұзушылық Қызылорда облысында тіркелді: 599 оқиға – бұл бір жыл бұрынғыдан 8,5%-ға артық.

Тіркелген мұндай құқық бұзушылықтардың жалпы саны 18 мыңға жуық, оның ішінде: интернет-алаяқтық, 294 факт – төлем карточкаларын пайдалану, 116 іс – қарыз қаражатын алу, 70 іс – несие беру саласындағы құқықбұзушылық, 6 іс – жер қатынастары саласындағы алаяқтық бойынша, 5 іс – жылжымайтын мүлікке қатысты құқықбұзушылықтар бойынша.

Жыл басынан бері алаяқтық әрекеттерден келтірілген залалдың сомасы 50,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғаларға 38 млрд теңге, мемлекетке 8,5 млрд теңге, заңды тұлғаларға 4,3 млрд теңге залал келтірілген.

2021 жылдың қаңтар-қазан айларының соңында алаяқтық жасаған 4,9 мың адам тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,2%-ға аз. Олардың ішінде 4 мың жұмыссыз, 127 жұмысшы, 122 мемлекеттік қызметкер, 109 жеке кәсіпкер, 40 студент, 10 әскери қызметкер болды.