«Алау» оңалту орталығының дәрігері балалардағы маусымдық аллергияның ерекшеліктері туралы айтты

«Алау» оңалту орталығының дәрігері балалардағы маусымдық аллергияның ерекшеліктері туралы айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сәбидің ата-анасының біреуі ғана мұндай дертпен ауыратын болса, сырқат балаға тек 30 пайыз беріледі.

Дәрігер аллергияның тұқым қуалайтын және жүре пайда болуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Клиникалық зерттеулер көрсеткіші бойынша төрт-бес жастағы балаларда аллергиялық көріністердің көпшілігі «ересектердің» иммунитетінің қалыптасуы аясында өтетіндігін көрсетті. Ерте жастағы балалар иммунитетінің жетілмегендігіне байланысты маусымдық аллергияны ауыр қабылдайды. Бірақ бәрі бірдей шынайы аллергияға айналмайды», - деді дәрігер Нұрғайша Дәулетиярова.

Мысалы: Отбасында аллергиясы бар адам болса, баланың да осы ауруға шалдығу қаупі жоғары. Сәбидің ата-анасының біреуі ғана мұндай дертпен ауыратын болса, сырқат балаға тек 30 пайыз беріледі. Ал екеуі де аллергиямен ауыратын болса, оның үлесі екі есе артады.

Дәрігер аллергияның тұқым қуалайтын және жүре пайда болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Дәрігер аллергия кез-келген жастағы адамда, тіпті бұрын аллергия болмаған заттарға да аллергия болуы мүмкін екенін айтады.

Бұл иммундық жүйеге байланысты. Барлық аллергендер антигендер болып саналады және адам ағзасына антигеннің әр әсерімен антиденелер пайда болады. Денедегі антиденелердің жеткілікті мөлшерімен титр жоғарылайды, содан кейін аллергияның алғашқы белгілері пайда болуы мүмкін.