«Ағаштарды аялайық!» челленджі жолданды

«Ағаштарды аялайық!» челленджі жолданды
Суреттер: Қ.Қонысбаев

Жаздың аптап ыстығында жасыл желектің қай-қайсысына болсын күтім керек. Шөлдеген ағаштың күйін түсінбесек те, адам ретінде шөлдің қалай болатынын білеміз. Сондықтан кез келген тіршілік иесінің өмірінде судың алатын орны ерекше.

 Биылғы жаз бұрынғыдан өзгерек. Қала аумағындағы жасыл желек те қуаңшылықты сезінгендей. Бұрынғыдай жап-жасыл күйге ене алмай, қолдауға зәру болып тұр. 

Осы тұста «Alataý Аqparat» ЖШС «Ағаштарды аялайық!» челленджін қолға алып, мекеме айналасындағы, сондай-ақ былтыр Абай даңғылының бойына өздері отырғызған жасыл желекке су құя бастады. Мақсат – қаладағы барлық мекемені өзіне қарасты, сондай-ақ жақын маңдағы ағаштарға қамқорлық жасауға шақыру.

 «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Almaty» газеттерінің қызметкерлері қолдарына шелек алып, жақсы істі бастап та кетті. Осы орайда, өзге әріптестерімізді де челленджді жалғастыруға шақырамыз. Айта кетейік, «Alataý Аqparat» ізгі бастаманы Қазақстан Журналистер одағына, «Вечерний Almaty» – «Новое поколение» газетіне, ал «Almaty aqshamy» – «Қазақ үні» газетіне жолдады.