Alatay Aqparat журналистері Тәуелсіздік күніне орай марапатқа ие болды

Alatay Aqparat журналистері Тәуелсіздік күніне орай марапатқа ие болды
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Еліміздің барлық өңірлерінде мерейтойлық марапаттау шаралары жүріп жатыр

Тәуелсіздіктің алтын бесігі болып саналатын  Алматы шаһарында еліміздің егемендік алғанының 30 жылдығын мерекелеу аясында қала тұрғындарын мерейтойлық медальдармен марапаттау салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz .

Мерейтойлық  шара Республика сарайында өтті. Қазақстандағы ең үлкен концерттік залдардың бірінде қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, денсаулық сақтау саласының мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдары бас қосты. 

Құрметті қонақтар қатарында Alatay Aqparat медиахолдинг құрамына кіретін  «Алматы ақшамы» және  «Вечерний Алматы» газеттері мен Vecher.kz сайтының қызметкерлері «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталды. 

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жиналған қауымды еліміздің басты мерекесімен құттықтап, Алматының Тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюына қосқан ерекше үлесін және салтанатты шараға келген тұлғалардың ерен еңбегін атап өтті. 
Мемлекеттік марапатқа ие болғандар:

«Alatay Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Төлеміс Құлмұхамедов

«Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы Евгений Грюнберг

«Вечерний Алматы» газетінің жауапты хатшысы Әбдіжамал Сапарқұлов

«Алматы ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Әуелбек Әнуарбек 

«Алматы ақшамы» газетінің жауапты хатшысы Оразагүл Қараева

Vecher.kz сайтының басқарушы редакторы Владимир Демидов

Жоба редакторы Гүлжазира Сайдахмедова

Alatay Aqparat медиахолдингінің ұжымы әріптестерін марапаттарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.