«Алатау» театры көрерменмен қайта қауышады

«Алатау»  театры көрерменмен қайта қауышады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қыркүйекте ашылатын театр 3 жаңа спектакльді сахналайды. Соған сәйкес өнер ордасының техникалық, құрамдық және репертуарлық жоспары сарапқа түсіп, жиында жаңа әртістер де таныстырылды. 

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры көрерменіне есігін қайтадан айқара ашпақ. Бүгін жуырда басталатын жаңа маусымға дайындық жұмыстары жолға қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv каналына сілтеме жасап.

«Арық сөйлеп, семіз шық дейді ғой. Сол айтқандай, жоспарларымыз бар. Жаңадан көптеген мамандар, жастар алынып жатыр. Енді бәрін жұмыс барысы көрсетеді. Қазір сол, дайындығымызды бастадық», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының көркемдік жетекшісі Жұлдызбек Жұманбай.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры қыркүйек-қазан айында Түркияға гастрольдік сапармен барады. Бауырлас елден арнайы шақырту алған мамандар дайындықты бүгіннен бастаймыз деп отыр. Сонымен қатар, бұл маусымда театрдың декоративтік шеберханасы да ашылады. 

«Алдағы жаңа маусымда бізде көптеген жаңа шығармашылық жобалар бар. Оның арасында виоленчель мен театрдағы халық аспаптарын қосып, ұлттық әуенді желіге шығару. Ең бастапқысы, осы маусымда көптеген музыкалық аспаптар алып беріп жатыр», – деді музыкант Бағжан Октябрь.