«Алатау серілері» асқақтауда

«Алатау серілері» асқақтауда
almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының дәстүрлі әншілерінен құралған «Алатау серілері» тамыз айында Мәскеуде түсірілген «Кеш жарық, Қазақстан!» тележобасына қатысып, өз өнерлерін көрсетіп келген болатын.

Серілеріміздің озық ойлы өнерлеріне риза болған Ресей продюсерлері арнайы шақыртып, қыркүйектің 5-ші жұлдызында Қазақстанның кәсіпкері, меценаты, «TAS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы және басқарушысы, дәстүрлі өнер жанашыры  Тастекей Дулат бауырымыздың демеушілігімен La Datcha «Konakovo River Club» комплексінің сахнасында  өнер көрсетті.

Серілер алдағы уақытта көрші Қырғыз еліне жол тартпақ.

Болашақта әншілеріміз өнерімен әлемді әлдилеп қана қоймай, мерейі үстем баба дәстүрін әлемге паш етері хақ.