«Алатау Ақпараттың» челленджі жалғасуда

 Alatay Aqparat журналистері бастаған Алматыдағы жасыл алқаптарды суару мен күтіп-баптау челленджін алматылықтар іліп әкетіп, бір-біріне жолдап жатыр.

Бүгін бұл бастамаға MedRemZavod  компаниясы қолдау білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Alatay Aqparat компаниясы, «Алматы ақшамы» «Вечерний Алматы» газеттерінің бастауымен «Ағаштарды аялайық» челленджі жүріп жатыр. Біз де осы челленджге қатысуға ниет еттік. Қазірден осы ағаштарды қорғап, сақтап қалмасақ, қаламыз жасыл қала емес, жалаңаш қала болып қалатын түрі бар. Сондықтан айналамыздағы ағаштарды суарамыз. Біздің арқамызда ағаштарымыз жап-жасыл болып тұр. Бұл идеяны бәріміз қолдауымыз керек. Өз кезегімізде челленджді «Сұңқар» медициналық компаниясына жолдаймыз», - деді MedRemZavod  компаниясының бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов.