Алатау ауданының жастары референдумға қатысуға ниетті

Алатау ауданының жастары референдумға қатысуға ниетті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Біз барлығымыз референдумға үлкен үміт артамыз

Конституциялық реформаны қолдау үшін дауыс беру - бұл үлкен жауапкершілік және біз бәріміз осы процеске қатысуға тиіспіз. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бекқали Торғаев Алатау ауданының жастарымен кездесуде алдағы 5 маусымда еліміздің Ата заңына түзетулерді түсіндіру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл жерде сіз адам немесе партия үшін дауыс бермейсіз, өз болашағыңыз үшін Жаңа Қазақстанды құруға дауыс бересіз. Біз барлығымыз референдумға үлкен үміт артамыз. Еліміздің болашағы – жастар», - деді Торғаев.

Мәжілісменнің сөзін қалалық штаб мүшелері Нұрия Ниязова мен Руслан Нұрлыбаев қолдады.

«Қазіргі жастар – бұл креативті идеялары мен болашаққа үлкен жоспарлары бар, нені қалайтынын білетін жас ұрпақ. Олардың алдағы референдумның маңыздылығын түсінетіндері қуантады. Бұл олардың елдегі қоғамдық-саяси жағдайға деген жоғары жауапкершілігін көрсетеді», - деп атап өтті партияның қалалық штабының мүшесі Руслан Нұрлыбаев.