Алатау ауданының бір бөлігінде ыстық су болмайды

Алатау ауданының бір бөлігінде ыстық су болмайды
Сурет:Massaget.kz

Шектеулер қазандықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

Алматы қаласының Алатау ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір аптаға ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. 2022 жылғы 18-26 тамыз аралығында Алатау ауданының аумағындағы Арқалық – БАҚ – Б.Момышұлы көшелерінің контурларында орналасқан тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды», - делінген Алматы жылу жүйесі компаниясы таратқан ақпаратта.

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.