Алатау ауданында жыл соңына дейін 157 шақырымнан астам коммуналдық желі салынады

Алатау ауданында жыл соңына дейін 157 шақырымнан астам коммуналдық желі салынады
Более 157 км коммунальных сетей построят до конца года в Алатауском районе

Инженерлік желілерді, жол және әлеуметтік инфрақұрылымды және қоғамдық көлікті дамыту. Бұл мәселелер Алатау ауданындағы әкімдіктің жұмысы үшін басымдық болып қала береді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты.

Аудан 75%-ға орталық сумен жабдықтау желілерімен және 67%-ға кәрізбен қамтамасыз етілген. Сумен жабдықтауды жақсарту үшін не істеліп жатыр:

"Ақбұлақ" шағынауданында тамыз айында 29 шақырым желі іске қосылды. Соның нәтижесінде 1,5 мың жеке тұрғын үй сумен және орталық кәрізбен жабдықталған. 

Желтоқсан айында "Өжет" ш/а (83,41 км), "Самғау" ш/а (37,46 км) және "Шапағат" ш/а (37 км) жұмыстар аяқталады. Соның нәтижесінде тағы 6 мың тұрғын үй сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі.

"Қарасу", "Шаңырақ-1", "Алғабас", "Әйгерім-1,2", "Боралдай" ш/а 170 км орталық желісінің құрылысы жалғасуда. Бұлар 13 мыңнан астам үйді қамтиды. 

2023 жылдың сәуір айынан бастап "Теректі", "Болашақ", "Түркістан" және "Рахат-Мәдениет" ш/а 239 шақырым желісінің құрылысы басталады. Бұл жұмыс 2024 жылдың желтоқсанында аяқталып, 5 мыңға жуық үй сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылады.