Алатау ауданында төрт мектеп ашылады

Алатау ауданында төрт мектеп ашылады
almaty-akshamy.kz

"Алматы қаласы бойынша Алатау ауданының мектептеріндегі орын тапшылығы  жоғары", - деді қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде.

Осы маңызды проблеманы одан әрі шешу үшін кешенді шаралар қабылдануда.

2022 жылы Алатау ауданында 7800 орындық жоспарланған 5 жаңа мектептен "Саялы" (1800 орын), "Томирис" (1500 орын), "Нұркент" (1500 орын) және "Рахат-Мәдениет" (1500 орын) шағынаудандарында 6300 орындық төрт мектеп ашылды. "Дархан" шағынауданындағы 1500 орындық мектеп 99% дайын, оны осы жылдың қаңтар айының соңында ашу жоспарланған. Осы мектептің ашылуын ескере отырып, оқушы орнының тапшылығы шамамен 4 мың орынға дейін азаяды және 2022 жылдың басындағы тапшы 9 100 орынмен салыстырғанда 2 еседен көп мөлшерге азаятынын атап өткім келеді.

Өткен жылдың қыркүйек айында "Саялы-2" шағынауданында 550 орындық мектептің құрылысы басталды, оны 2023 жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2023 жылы 10 050 орындық тағы 6 мектептің құрылысын бастау жоспарланған. "Зерделі" шағынауданында 2023 жылдың І тоқсанында 550 орындық мектеп құрылысын бастау көзделген. "Самғау" (2000 орын), "Алғабас" (2000 орын), "Қарасу" (2000 орын) және "Теректі" (2000 орын) мен "Ақбұлақ" шағынауданында 690 орындық (1500 орын) №154 мектепті бұза отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында бес мектеп салынады.