Алатау ауданында бірінші сыныпқа 6 мыңға жуық оқушы барады 

Алатау ауданында бірінші сыныпқа 6 мыңға жуық оқушы барады  Сурет: 156.alschool.kz

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ертіс Бесіров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қандай мектептер салынып, қайсысына жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Е. Бесіровтың хабарлауынша, ауданда 28 мемлекеттік және 3 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, барлығы 48 771 оқушы білім алуда.



«2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа 5935 оқушы тіркелді, оның ішінде қазақ сыныбына 4 793 оқушы, орыс сыныбына 1142 оқушы қабылданды. Жеке мектептерде 709 бала білім алуда, 140 бала 1-сыныпқа қабылданды», - деп айтты Е. Бесіров. 



Қазірде жаңадан пайдалануға берілген №204 және №205 мектептерінің құқықтық құжаттары дайындалып жатқандығы белгілі болды.


Бүгінде барлық білім беру мекемелерінде жылу беру маусымына дайындық және ағымдағы жөндеу жұмыстары 100 пайызға орындалды. Сондай-ақ, № 166 лицейде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.



«Ауданда «Дархан», «Нұркент», «Мәдениет» шағынаудандарында 1500 орындық 3 мектеп салынуда. Аяқтау мерзімі 2022 жылдың қараша айында жоспарланып отыр. Салынып жатқан 3 мектептен басқа, «Саялы- 2» және «Зерделі» шағынаудандарында 550 орындық 2 мектеп салуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Е. Бесіров. 



Ауданымызда 20 мемлекеттік және 161 жекеменшік балабақша жұмыс істейді.


«Саялы-2» шағынауданында 160 орындық балабақша салынып жатыр. 
Е. Бесіров өз сөзінде «Қарасу» және «Саяла» шағынаудандарында заманауи дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланып отырғанын айтты. 600 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта бұл нысандар бойынша да мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде. Құрылыс ағымдағы жылдың 4-тоқсанында басталып, 2023 жылы аяқталады.


Сонымен қатар, «Нұркент» шағынауданында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының ғимараты салынуда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37