Алатау ауданында биыл екі емхана салынады

"Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін осы жылдың ақпан айында "Саялы" және "Қарасу" шағынаудандарында әрқайсысы күніне 200 адамды қабылдайтын екі дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау жоспарланып отыр",- деді қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде.
2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алатау ауданында 50 төсек-орындық перзентханасы бар 350 төсек-орындық бірінші көпсалалы аурухана салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Бүгінгі күні "Зерделі" шағынауданында жер учаскесі белгіленді. Оның құрылысын 2024 жылы бастаймыз.