Алатау ауданында Art sport бағдарламасы бойынша 15 500 бала қамтылды

Алатау ауданында Art sport бағдарламасы бойынша 15 500 бала қамтылды
mapquest.com

Әкімнің тапсырмасы бойынша қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін әкімдік қосымша 7,3 млрд. теңге бөлді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Мектепке дейінгі білім беру мәселелерін шешу үшін тамыз айында "Саялы" шағынауданында 160 орындық балабақша құрылысы басталды. Ол 2023 жылдың наурыз айында аяқталады.

Биыл наурыз айында "Нұркент" шағынауданында жеке инвестордың қаражаты есебінен Үстел теннисі орталығы ашылды, онда 3 балалар секциясы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, "Зерделі" шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және "Нұркентте" теннис корттары салынып жатыр.

Биылғы жылдың ақпан айынан бастап Инновациялық шығармашылық көпсалалы орталықтың құрылысы жүргізілуде, оған аптасына 5 мыңнан астам бала қатыса алады. Оның құрылысы 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады.