Қалалық әкімдік ғимаратын тазарту басталды

Қалалық әкімдік ғимаратын тазарту басталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталды

Шамамен 660 адам жұмылдырылып, жақын арада тазарту жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қираған жиһаз, оргтехника, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады. Тазалау қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.

Бөгде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынады.

Қалпына келтіру жұмыстары тазартудан кейін бірден басталады.