Алакөлге қатынайтын пойыздарда жолаушылар орны артады

Алакөлге қатынайтын пойыздарда жолаушылар орны артады
Сурет: Ашық дереккөз

ҚТЖ пойыздардағы жолаушы орнын 270 мыңға дейін көбейтеді

Алакөлге баратын пойыздардағы жолаушы орындарының саны 2023 жылы жазғы туристік маусымға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% өседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазақстан темір жолына" сілтеме жасап.

Сонымен қатар жолаушыларға 276 мыңнан астам орын ұсынылады. Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады. Алғаш рет "Астана – Достық" бағыты бойынша "Тальго" пойызы іске қосылады.

Қазіргі уақытта "Жолаушылар тасымалы" АҚ әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды (көліктің екі немесе одан да көп түрі) қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруда.