Алакөлдегі әуежайдың ұшу жолағы үлкен ұшақтар қону үшін жаңартылып жатыр

Алакөлдегі әуежайдың ұшу жолағы үлкен ұшақтар қону үшін жаңартылып жатыр Сурет: Novate.ru

Туристердің көптеп келуіне жағдай жасалады.


Алматы облысы Алакөл ауданындағы Үшарал әуежайының ұшу алаңы жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл алдағы уақытта Airbus 320, Boeing 757 сынды ірі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.


Күрделі жөндеу жұмыстарына 9,3 млрд теңге қарастырылып отыр.


 Ұзындығы 2,7 шақырым болатын жалпы қалыңдығы 52 сантиметрлік бетон құю жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


100-ден астам жұмысшы екі ауысыммен еңбек етіп жүр. Ұшу алаңының қауіпсіздік шараларына ерекше мән беріліп, қоршалып, заманауи бейнекамера орнатылады.


Серпінді жоба айдынды Алакөлге шетелден және еліміздің басқа да аумақтарынан туристердің көптеп келуіне жағдай туғызады.


Биыл көлге 1 млн-нан астам демалушы келеді деп жоспарланған.



«Құрылыс 2021 жылы 1 қыркүйекте басталды. Келісімшарт бойынша 2023 жылы аяқталады. Бірақ біз мерзімінен ерте аяқтауға тырысамыз. Бұл ұшу алаңының ерекшелігі - қазіргі заман талабына сай жарық шамдары орнатылған. Ұшақтарды күндіз де, түнде де қабылдай алады», - дейді мердігер кәсіпорынның зертхана басшысы Дәурен Құлбеков.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет