«Қалада жаңалық көп»

Бағылан Әбдірайымов, «Жігіттер» квартетінің әншісі:

-Жақында қала басшысының теледидардағы сұқбатын зор ынтамен тыңдадым. Басқа да кездесулерін қалт жібермей қадағалап отыратын едім. Өнер адамы ретінде емес, осы қаланың тұрғыны ретінде әрбір тыныс-тіршілікті зерделеп отыратын әдетім бар. Осы жолы маған қатты ұнағаны қосымша білім беру мекемелеріне қала басшысының ерекше қолдау көрсетіп, басты назарға алғаны болды. Күні кеше біз де ауылдан шықтық. Алыс ауылда тура қаладағыдай мүмкіншіліктер жоқтың қасы. Соған қарамастан, мектептегі кішігірім үйірмелерге барып қатысатынбыз. Біріміз ұшқыш, біріміз дәрігер, енді біріміз бастық болғымыз келетін. Сол кішкентай үйірмелер біздің үлкен армандарымызға қанат бітірді. Әсем қалаға әкелді. Мәдени ортаға келдік. Ал, бүгінгі қаланың баласының ойы да, өресі де басқаша қалыптасқан. Олардың зердесі ерте дамып, технология атаулыны жетік меңгеріп алған. Сондықтан олардың арманын ұштайтын мекемелердің де заманауи болғаны дұрыс деп ойлаймын. Қала балалаларының сүйікті мекені Оқушылар сарайының кескін-келбеті өзгеріп, түрлі жаңаша үйірмелер ашылып жатса, неге қуанбасқа! Біздің де балаларымыз баратын еді. Барлық қала балалары сондағы үйірмелерге барып, өздерін жан-жақты дамытып жатса, нағыз бәсекеге қабілетті ұрпақтың қалыптасары анық.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *