Қалада жаппай тәртіпсіздік кезінде қалалық спорт басқармасының басшысы жарақаттанған

Қалада жаппай тәртіпсіздік кезінде қалалық спорт басқармасының басшысы жарақаттанған Сурет: Аvesta-news.kz

Бұлғақ спорт басқармасының басшысын да айналып өтпеді 


Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов атыс қаруынан жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап


Спорт басқармасының басшысына қалалық әкімдіктің кортежінде бара жатқанда оқ тиген.



«Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, ол қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлімдеді қалалық спорт басқармасында.



Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке оқ атылған болатын. Бұл ақпаратты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады.


Оқиға 6 қаңтар күні болған. Қазір Бақытжан Сағынтаев аман-есен, өз қызметін атқаруда. Қалада терроризмге қарсы шаралар жалғасуда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50