Қала жастарын вакцина алуға шақырамыз

Нұрсұлтан БЕКҚАЙЫРОВ,  Алматы қаласы «Жас отан» жастар қанатының төрағасы:

Жасотандықтар қатарындағы жүзге жуық жастар барып вакцина алдық. Вакцина әр адамға әр түрлі әсер етті. Кейбірінде вакцинадан кейін  ауру белгілері байқалса, кейбіріне вакцина мүлдем әсер етпеді. Өзім де вакцинадан кейін ешқандай ауруды сезбедім. Пандемиядан шығатын жалғыз жол – вакцина алу. Бұл тұжырымды ғылым да, әлемдік тәжірибе де дәлелдеді. Бұрынғы өмірімізді қалыпқа келтіруде ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды қадам болғалы тұр. Сондықтан барлық достарымды, таныстарымды вакцина алуға шақырамын.

«Жас Отан» жастар қанаты тарапынан вакцинация туралы жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Вакцинация басталғалы бері түрлі акциялар өткіздік. «Вакцина – коронавирустан құтылатын төте жол» атты жастар акциясын да ұйымдастырдық. Акцияның басты мақсаты – жастарға вакцина алуды түсіндіру. Бүгінде ел арасында екпе туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер көп. Шындыққа жанаспайтын ақпараттарды жастарға түсіндіру үшін білікті мамандардың, дәрігерлердің кеңесі арқылы ашық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Одан бөлек, әлеуметтік сауалнамалар да жүргізілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *