Қала тұрғындары тегін кеңес алады

Алматы Онкологиялық орталығының дәрігерлері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашық есік күнін өткізеді

Іс-шара 12 маусымда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Алматы тұрғындары жетекші мамандардан тексеруден өтеді.

Қатерлі ісікпен күресу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан ашық есік күнін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Тексерілуге ниет білдірушілер Алматы қаласы, Папанин к-сі, 220, А литері, 1-қабат мекенжайы бойынша «Алматы Онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК-ға келуі тиіс.

Қала тұрғындары онкомаммологтардан, онкогинекологтардан, онкоурологтар мен онкохирургтардан тегін кеңес алады.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы біле аласыз:
7 (727) 312-24-74, 300-37-44
БАҚ үшін Байланыс ақпараты:
Набира PR-менеджер
8-747-659-77-80

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *