Қалаға қалың қар түсті

Алматы қаласында 2021 жылдың 13 қаңтарында қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласында 13 қаңтар күні сағат 4.30-дан бастап қар жауа бастады, Қазгидрометтің болжауы бойынша кешке қарай жауған қар тоқтады. Кешкі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша қалаға 16-18 см қар түсті.

Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіре берістеріне мұз ерітетін материалдар себілді, сондай-ақ жауған қар сыпырылды. Жалпы бұл күні 6,664 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ «қалталарын», жер үсті өткелдерін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қарды тазарту таулы, тау бөктеріндегі аудандарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарында жүргізілді. Қалада сағат 18.00-дегі 3860 м3 қар сыртқа шығарылды.

Қар тазалайтын колонналарды жол полициясы патрульдік машиналары бастап жүрді.

Күндіз 630 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 234 құм сепкіш, 1907 жұмысшысы қар тазалауға жұмылдырылды.

Түнде 116 самосвал арқылы қарды жаппай тазарту жұмыстары жүретін болады.Бұл іспен барлығы 614 арнайы техника бірлігі және 510 жол жұмысшысы айналысады.

13-14 қаңтар аралығында түнде қарды жаппай сыртқа тасу, қар тазарту жұмыстарын жедел жүргізу үшін жүргізушілерден көліктерін жол жиектеріне қоймауды әрі оған түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қалада қар тазартуға кедергі келтіретін көліктердің эвакуатормен басқа орындарға ауыстырылатынын ескертеміз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *