«Al Rihla» 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми добы

«Al Rihla» 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми добы
inform.kz

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми добы таныстырылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Аталған доп «Al Rihla» деген атауға ие. Ол араб тілінен аударғанда «Саяхат» деген мағынаны білдіреді. Доптағы өрнектер Катар елінің архитектурасы, тілі мен мәдениетінің негізінде жасалған.

Еске салсақ, бұған дейін оған 27 құрама жолдама алып үлгерді. Олардың қатарында алаң иесі – Катар, Еуропа елдерінен – Германия, Дания, Франция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария, Нидерланды, Португалия, Польша, Оңтүстік Америкадан – Бразилия, Аргентина, Уругвай, Эквадор, Солтүстік Америкадан – Канада, Азия мемлекеттерінен – Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, Африкадан – Камерун, Марокко, Тунис, Гана, Сенегал құрамалары бар.

Енді Еуропа құрлығында әлем чемпинаты өтпелі сайысында бір ойынмен Шотландия мен Украина жеңімпазы анықталады. Кездесу шамамен маусым айына белгіленген. Жеңімпазы сол айда Уэльспен тағы бір жолдаманы сарапқа салады.

Одан кейін Оңтүстік Америка, Азия, Солтүстік Америка және мұхит аймағынан төрт құрама құрлықаралық өтпелі сайыста тағы екі жолдамаға таласады.

Әлем чемпионатының финалдық сатысының жеребесі 1 сәуірде Катар астанасы – Доха қаласында өтеді. Дүбірлі дода биылғы жылдың 21 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Катарда болады.