Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыдан табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыдан табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған

Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыда табылды. Қыздар туыстарына ескертпей үйден шығып кеткендерін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"14 наурыз күні полицияға 19 және 20 жастағы екі қыздың туыстары хабар-ошарсыз кету туралы арызданды. Туыстарының айтуынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде жоғалған қыздардың Ақтау қаласында көргені туралы ақпарат келіп түсті, бірақ оларды сол жерден таба алмаған. Екі аптадан кейін қыздар Алматы қаласында табылды, олар полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.

Қыздар туыстарын ескертпей жай серуендеуге шешім қабылдағанын түсіндірді.