Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды

Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды
Сурет: Ашық дереккөз

29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды

Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды. Оның мұнан өзге екі баласы бар болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

19 желтоқсанда сағат 22:05-те полицияға Ақтөбедегі Ғазиза Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.