Ақтөбеде мас қыз полиция формасын киіп жүрген

Ақтөбеде мас қыз полиция формасын киіп жүрген сурет:polisia.kz

Қыздың полиция формасын қайдан алғаны анықталуда.


Ақтөбеде мас қыз полиция формасын киіп жүрген, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz POLISIA.KZ телеграм каналына сілтеме жасап.



Ағымдағы жылдың 19 мамырында жедел басқару орталығының 102 телефонына «Есет батыр» шағынауданында мас күйінде полиция қызметкері түріндегі қыз жүргені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған мекенжайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап учаскелік полиция пунктіне жеткізді.

Қазіргі уақытта қыз Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434 бабы (ұсақ бұзақылық) және 675 бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді.

Сондай-ақ, ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталуда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26