Ақтөбеде адамдар отырған аттракцион өртенді: оқиғаның видеосы жарияланды

Ақтөбеде адамдар отырған аттракцион өртенді: оқиғаның видеосы жарияланды
Сурет: Tengrinews

Кадрлар бірнеше күн бұрын Пушкин атындағы қалалық саябақта түсірілген

Желіде Ақтөбедегі аттракцион түтіндеп, өрт шыққаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy. kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Кадрлар бірнеше күн бұрын Пушкин атындағы қалалық саябақта түсірілген. Қыздар "Түймедақ" аттракционына отырған. Олар аттракционның бір бөлігі түтіндеп жатқанын байқап, видеоға түсіріп алған.

"Түтіндеп жатыр, бір жағында біз отырмыз. Міне, жағдай осындай. (...) 500 теңге бересің, оған қоса "жанасың". Болып тұрады, "Түймедақ" шаршаған шығар", - делінген видеода.

Кадрлардан өрт шыққан кезде аттракциондағы адамдардың ешқайсы дүрбелең туғызбағаны, кейін әткеншек тоқтағанын көруге болады. Келушілердің ешқайсысы зардап шекпеген.