Ақтөбе облысында екі бала суға батып мерт болды

Ақтөбе облысында екі бала суға батып мерт болды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұзау іздеуге шығып кеткен

27 мамырда екі бала Ырғыз өзеніне батып кеткен. Біріншісінің мәйіті сол күні, ал екіншісі 28 мамырда түнде табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Мой ГОРОД" порталының хабарлауынша, 28 мамырда сағат 01:25-те 12 жастағы жасөспірімнің денесі бес метр тереңдіктен табылған.

Құтқарушыларға 27 мамыр күні сағат 16:45-те Құрылыс ауылынан бұзау іздеуге шығып, оралмаған 6-сынып оқушыларының жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Біріншісінің мәйіті сол күні сағат 18:30-да табылды.