Ақтауда өртеніп жатқан үйден алты жасар бала құтқарылды

Ақтауда өртеніп жатқан үйден алты жасар бала құтқарылды
сурет:www.1obl.ru

Пәтердің жатын бөлмесінде жиһаз жана бастаған.

Ақтауда өртеніп жатқан үйден 6 жасар бала құтқарылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Оқиға 10 наурызда сағат 23:06 шамасынла Ақтау қаласының 11-шағын ауданындағы 19-үйдің 7-қабатында болған.

«Оқиға орнына жеткеннен кейін, пәтердің жатын бөлмесінеде жиһаздың жануы анықталды. Қалған бөлмелер толықтай ысталған. Пәтердің жалпы ауданы - 50 шаршы метр, жану ауданы - 15 шаршы метр. Құтқарушылар аталған пәтерден 2017 жылғы кішкентай баланы қауіпсіз жерге шығарды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт 23:41-де сөндірілді.