Ақшолақов газ одағын құру ықтималдылығына қатысты пікір білдірді

Ақшолақов газ одағын құру ықтималдылығына қатысты пікір білдірді
Сурет: Zakon.kz

Бұл - одақ емес, бұл - тарихи ынтымақтастық.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 1 ақпанда өткен алқалы жиыннан тыс журналистердің Ресей, Өзбекстан және Қазақстан арасында үшжақты газ одағын құру ықтималдылығына қатысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Болат Ақшолақов бұл арада одақ құру туралы сөз болып жатпағанын айтты.

"Тарихи тұрғыдан алғанда, біз әрқашан бір-бірімізбен өзара етене қабысып, жұмыс істеп келеміз. Келісімшарт жүйесі кеше негізін қалаған жоқ, ол жаңғыртылып отырады. Бүгінгі таңдағы жағдай былай, мысалы, Өзбекстанның табиғи газға деген қажеттілігі бар делік, ал ондай көлемнің жалғыз көзі – Ресей болып жатса, тиісінше, мұны қандай да бір жолмен жеткізу керек болады. Сол кезде транзит ретінде Қазақстан аумағы арқылы жөнелтуге тура келеді",- деді ҚР Энергетика министрі.

Сонымен қатар, ол бұл арада Қазақстанның солтүстігі мен шығысын газдандыру мәселесі, онда да бірінші кезекте Ресей газын жеткізу есебі тұрғысынан параллель қарастырылып жатқанын жеткізді.

"Ресурстық базаны ұлғайту үшін уақыт қажет. Бұл одақ емес, бұл тарихи ынтымақтастық. Бұрын, 15-20 жыл бұрын газды Орта Азиядан Ресейге қарай айдайтын. Бүгін күні, керісінше болады, сондықтан да бұл арада техникалық жайттар алдан шығуда, ол үшін бірге жиналып, осы мәселелерді шешу керек болады", - деді Болат Ақшолақов.