Ақша ұрлаған адам мәжбүрлі еңбекке тартылды

Ақша ұрлаған адам мәжбүрлі еңбекке тартылды
Cурет: Ашық дереккөз

Автокөліктің  есігінің ашық екенін байқап, бес мың  теңге ақшаны ұрлап кеткен

Жуырда Е. есімді азамат Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3- бөлігінің 3-тармағымен кінәлі  деп танылып, екі жыл  бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Өзінің айтуынша көшеде тұрған автокөліктің  есігінің ашық екенін байқап, бес мың  теңге ақшаны ұрлап кеткен. 
Қазіргі таңда ол өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда.

Қызылорда қалалық пробация  есебінде 500-ден астам  сотталған есепте болса, пробация қызметінің инспекторы әділет  капитаны Жадыра Исмаилованың өндірісінде 25 сотталған. Әділет капитаны Ж.Исмаилова өз өндірісіндегі сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы,сот жүктеген міндеттерді орындауы тұрғысында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Оның айтуынша өндірісіндегі 25 сотталғанның 3-еуі мәжбүрлі еңбекке тартылған, күнделікті осы мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды жұмыс орнынан тексеріс жұмыстары жүргізіледі.