АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады

АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады
Cурет: Inform.kz

Наурызды жанұяңыздың ортасында амандықта өткізуді тілеймін

АҚШ-тың еліміздегі бас консулы Кэролайн Сэвидж Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қыстың ызғарында жүрекке үрей ұялататын ауыр шақтарда адам баласының аңсайтыны тыныштық, татулық, үміт, отбасы амандығы және көктем. Көктем Наурыздан басталады дейді. Наурыздың шуақты күндері мен алаңсыз кештерінде дос-жаран, ағайын-туыспен табысып, наурыз көжеден дәм тату – осы сәттерді Қазақстан халқы ерекше қадірлейтінін білемін. Биыл Наурыз Қазақ еліне және бүкіл дүниеге жылуымен, үмітімен келсін, береке мен бірлік әкелсін. Наурызды жанұяңыздың ортасында амандықта өткізуді тілеймін. Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Амандықта жүздескенше!», - деп бөлісті Кэролайн Сэвидж әлеуметтік желіде.