АҚШ-та тағы бір ірі банк жабылды

АҚШ-та тағы бір ірі банк жабылды
Сурет: ашық дереккөз

12 наурызда Нью-Йорктегі Signature Bank жүйелік қатерлерге байланысты жабылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Банктің жабылуы туралы АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен мен Федералды резерв жүйесінің басшысы Джером Пауэлл және Үлесті сақтандыру федералды корпорациясының төрағасы Мартин Грюнберг мәлімдеді. 

 «Біз де Нью-Йорк штаты, Нью-Йорктегі Signature Bank-ке қатысты жүйелі қатерлер туралы қорытынды туралы мәлімдейміз, банкті жабу жайлы шешімді штат басшылығы қабылдады», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар SVB банкі секілді есепшоттар салымшылар үшін қолжетімді болады. 

Бұған дейін АҚШ-тағы SVB банкі банкрот болғанын мәлімдеген. Банк АҚШ-тағы және Ұлыбританиядағы еншілес компанияларға, Кремний жазығындағы кәсіпорындарға ақша құйған. 

Банктің жабылуына салымшылардың өз ақшаларынан жаппай шығарып алуы себеп болған. Бұл 2008 жылдан бергі АҚШ-тағы ең үлкен банкрот болып отыр. Қазір SVB Үлесті сақтандыру федералды корпорациясына берілді