АҚШ Президенті 2024 жылғы сайлауға түсуді жоспарлап отыр

АҚШ Президенті 2024 жылғы сайлауға түсуді жоспарлап отыр
Сурет: Vlast.kz

Мұны Ақ үй басшысы мәлімдеді.

Байден бұл шешімі туралы ресми түрде жариялауға әлі дайын емес екенін айтқан. Құрама Штаттар жетекшісі президенттікке кандидаттығын шілдеде хабарлауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Және ол саяси додада демократиялық партия атынан вице-президент Камала Харриспен бірге тандем болмақ. Рейтердің мәлімдеуінше, бірпартияластар арасынан Байденге тең келер қарсылас әлі шыққан жоқ. Ал республикалық партия атынан экс-президент Дональд Трамп екінші мерзімге қатысуға ниетті.