АҚШ метросындағы атыс: 5 адамның жағдайы ауыр

АҚШ метросындағы атыс: 5 адамның жағдайы ауыр
Сурет: Azh.kz

АҚШ-та тағы да атыс болды.

Бұл жолы Нью-Йорк метросында белгісіз біреу жолаушыларға оқ атып, бірнеше адамды жарақаттанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ауыр халде жатқандар да бар. Қанды оқиға Бруклиннің 36 метро станциясында болды. Таңғы сағат 08:30 шамасында белгісіз біреу жолаушыларға оқ ата бастаған. Салдарынан 16 адам зардап шеккен, олардың 10-ы оқ жарақатын алған. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 5 адам ауыр халде жатыр.

Адамдарға қарсы оқ атқан күдікті ізін суытып үлгерген және оның қолға түскендігі туралы ақпарат жоқ. 

«Метро станциясында ешқандай жарылғыш зат жоқ. Бұл террорлық әрекет емес. Күдікті алдымен түтін шығарып, сосын оқ ата бастады. Ол қара нәсілді және бойы 1 метр 50 см шамасында», - дейді  Нью-Йорк полиция департаментінің басшысы Кичант Сиуэл.

Бруклиннің оңтүстік бөлігімен өтетін бұл метро желісі негізінен испандық және азиаттық американдықтардың көп шоғырланған ауданынан өтеді. Және жалпы соңғы уақытта атыс көбейіп барады. Биылдың өзінде қалалық полиция департаментінің мәліметіннше, Нью-Йорк қаласы бойынша 322 атыс тіркеліп, салдарынан 360 адам зардап шекті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға өскен.