АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді
Сурет: Ашық дереккөз

С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

«28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болған кезінде Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді. Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды», - делінген хабарламада.