АҚШ-қа апарар жол: бүгін «Грин карта» лотереясына өтінім беру басталды

АҚШ-қа апарар жол: бүгін «Грин карта» лотереясына өтінім беру басталды
Сурет: Elorda.info

Green Card аталатын DV-2024 лотереясына 5 қазан мен 8 қараша аралығында өтінім беруге болады.

Өтінімдер АҚШ мемлекеттік департаментінің Консул істері бюросының ресми сайтында қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info.cайтына сілтеме жасап.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткер тек бір өтінім жібере алады. Паспорттың болуы және өтінімді ағылшын тілінде сауатты толтыру міндетті болып табылады. Ал фотосуреті 6 айдан ескі болмауы шарт. 

Нәтижесі 2023 жылдың мамыр айында белгілі болады.